«2015 жылғы 26 қазанда Мәскеу қаласының әкімдігі Ресей астанасының Данилов ауданында (Люсиновская және Большая Серпуховская көшелерінің қиылысында) орналасқан саябаққа Ш. Айтматов есімін беру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2015 жылғы 2 қазанда Мәскеу қаласы атқарушы билік органы өкілдерімен болған жұмыс кездесуі барысында РФ-дағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі Болат Жүнісов Мәскеу үкіметіне Ш. Айтматов атындағы саябақ ашу мүмкіндігін қарау жөнінде ресми өтініш білдірген болатын.