Еске сала кетейік, Кеңес отырысы қарсаңында ШЫҰ мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлері РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті, оған сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев пен ШЫҰ Аймақтық Лаңкестікке қарсы күштері атқару комитетінің директоры Чжан Синьфен қатысты.
Отырыс барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері, ШЫҰ ауқымындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар сыртқы саясат ведомсмтволарының басшылары алдымыздағы шілде айында Уфа қаласында (Башқұртстан) өтетін ШЫҰ мемлекет басшылары отырысына әзірлік мәселелерін де талқылайды.