Мәжілісте ШЫҰ кеңістігінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы, табиғи ошақтық және басқа да инфекциялық аурулардың таралуына байланысты қауіп-қатерлердің салдарлары, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, кадрлар даярлау, ШЫҰ қатысушы елдердің зертханалық желілерін нығайту сынды маңызды мәселелер қаралды.
Алқалы жиынның қорытындысында қатысушылар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің ынтымақтастығын одан ары дамыту, практикалық тәжірибемен, ғылым саласындағы жетістіктермен алмасу, жалпы басымдылықтарды, проблемалы мәселелерді және оларды бірлесіп шешу жолдарын айқындау туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Қазақстандық делегацияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ж.Бекшин бастап барды.