Мәскеуде соңғы 100 жыл ішіндегі температуралық рекорд орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 1 ақпандағы жағдай бойынша жаңа температуралық рекорд тіркелді. Сағат 7:00-де Мәскеуде ауа температурасы + 3,1 градусқа көтерілген, бұл 1914 жылмен салыстырғанда, 0,1 градусқа жоғары, деп хабарлады ТАСС.

Мәскеу маңында түнде ең жылы температура 3,4 градус, тек Серпуховта ғана байқалды.

Қаңтардың ортасында-ақ Ресей астанасында температуралық рекорд орнатылған еді. Онда ауа температурасы сағат 12.00-де 3,2 градусқа жоғарылаған болатын.