Мәскеуде студенттер жатақханасында төрт студентті пышақтап кетті
15:09, 21 Қаңтар 2011
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей астанасының жатақханасында Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясының төрт студенті пышақ жарақатын алды.
Мәскеудің құқық қорғау органдарынан хабарлағандай, кеше азаматтардан Ташкент көшесі 34-үй, 1-корпус ғимаратында төрт жас жігітті пышақтап кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына жеткен милиция қызметкерлері академияның жатақханасында денесінде пышақ жарақаттары бар және травматикалық қару жарақатына ұқсас зақымдары бар төрт студентті тапты. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.
Зардап шеккендердің айтуынша, белгісіз екі азамат жанжал кезінде оларға жарақат салып, іздерін суытқан. Аталмыш факті бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы 2-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды