Бұл туралы «Эхо Москвы» радиостансасына Орталық округтің «Қайырымдылық қызметі» ұйымының өкілі Юлия Жмакина мәлім етті.
77 жастағы актриса жалғыз тұрып, үш жылдан бері оған аталған ұйым қызметкерлері қамқорлық жасайтын. Жмакинаның айтуынша, Самойлованы соңғы рет осыдан бір апта бұрын көрген. Содан кейін ол телефонға да жауап бермейді, есігін де ашпайды. Ұшты-күйлі жоқ. Қамқоршылары пәтеріне де бірнеше рет барып, есігін қаққан, ашпайды.