Елдің Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің ақпараттық орталығынан хабарлағандай, қауіпсіздік органдарының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Мәскеу қаласындағы Батыс әкімшілік округінің Стрельбищенский тұйық көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен ел астанасында террористік актіні іске асырмақ болған топ ұсталған.
Қарақшылар жасырынған пәтерден қолдан жасалған жарылғыш зат табылған. Аталмыш факті бойынша қажетті жедел шаралар мен тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды РИА Новости.