Мәскеуде тілсіз жаумен арпалысқан сегіз өрт сөндірушінің мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысында пластик бұйымдар қоймасында тілсіз жаумен арпалысып жатқан сегіз өрт сөндірушінің мәйіті табылды.

Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Негізгі іздеу жұмысы жүрген орында сегіз адамның мүрдесі табылды», - деді агенттіктен.

 «Соңғы уақытқа дейін олар тірі деген үміт болды. Лаулап жанған өрттің қарқындылығы, жоғары температура, қою қара түтін өрт сөндірушілердің апат орнынан шығуына мүмкіндік бермеді», - деп атап өтті ТЖМ.

Қаза тапқан өрт сөндірушілер шатырда  кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін газ баллондары мен компрессорларды суыту үшін қондырғы орнатып жатқан болатын.

«Олар алғашқы болып өрт орнына жетіп, барлау жүргізіп, 100-ден астам қызметкерді құтқарған», - деп хабарлады министрлік өкілі.