Отырыстың күн тәртібі ТМД елдерінің экономика саласындағы өзара ықпалдастықтың жиырма мәселесінен тұрды. Атап өткенде, экономикалық кеңес мүшелері ТМД Экономикалық даму стратегиясының 2020 жылға дейінгі (2016-2020 жылдар) үшінші кезеңін іске асыру бойынша шаралар жоспары, ТМД мемлекеттерінің аймақаралық ынтымақтастығы туралы Конвенция, Достастық мемлекеттерінде халықаралық электр байланысы қызметтерін көрсету кезінде оператораралық өзара есептесулерді іске асыру жағдайлары туралы Кесімі жобалары мақұлданған. Отырыстың қатысушылары 2011 жылдың 18 қазанындағы Еркін сауда аймағы туралы Келісім ережелерін, «Уран шығару өндірістерінің әсеріне ұшыраған мемлекеттер аумақтарының топырақ құнарлылығын ретке келтіру» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ қазақстандық материал жүргізу токамагындағы ғылыми зерттеулер бағдарламасы жобасын дайындау жұмысының барысы туралы ақпаратты тыңдады.
Экономикалық кеңес мүшелеріне ТМД Электрэнергетикалық Кеңесі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының Үйлестіру кеңесі, құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңес, сондай-ақ Достастық мемлекеттерінің бағалы қағаздар нарығын ретке келтіру бойынша мемлекеттік орган басшылары кеңесінің 2011-2014 жылдардағы қызметі туралы есептері ұсынылды. Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің тозуына қарсы күрес. Сондай-ақ ТМД мемлекеттеріндегі қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және қаржылық білімді дамыту мәселелері талқыланды.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ бірқатар бюджеттік-қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерді ортаға салды.