ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің вице-премьерлері Еркін сауда аймағы туралы шарт ережелерінің орындалуы мен бірқатар мемлекетаралық бағдарламалардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде 2020 жылғы халық санағына дайындық мәселелерін талқылайды.
Отырыста ТМД Экономикалық кеңесінің мүшелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы бірлескен қызметін іске асыру туралы келісімнің, ТМД-ға қатысушы мемлекетер арасында салық әкімшілігін жүзеге асыру үшін ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін пайдалану және электронды ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамалардың жобаларын, сондай-ақ «Уран өндірісінің әсері тиетін мемлекеттер аумағын рекультивациялау» Мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жаңа редакциясын қарайды.
Мемлекетаралық кеңестердің ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі, көрме-жәрмеңкелер және конгрестік қызмет жөніндегі есептері тыңдалады.
Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2019 жылы «Соғыс ардагерлерінің - локальды қатығыстар қатысушыларының және олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын арттыру және оларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын» қаржыландырудағы үлестік жарналары бойынша келісімге қол жеткізу мәселесі тұр.
Мемлекеттердің өкілдері Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағында ұлттық сауда орталықтарының ашылуы мен қызмет жүргізуі жөнінде пікір алмасады.
Бұдан тыс, бірқатар қаржы және ұйымдастыру мәселерін талқылау, ақпараттық-талдау және анықтама материалдарымен танысу ұсынылып отыр.