деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шара аясында Достастықтың барлық елі өзінің жетекші кәсіпорындары мен жобаларының көрмелерін ұйымдастырды, Ұлттық күндерін өткізді.
«Мемлекетаралық ынтымақтастықтың дамыту үшін мұндай шаралар керек-ақ. КСРО ыдырағаннан кейін біз өндірістік байланыстарды жоғалттық, өнім экспорттары қысқарды. Бұл көрмеде біз Беларусь, Қазақстан, Украина және Әзірбайжан елдерімен жақсы байланыс орнаттық. Жасалған келісімдер жақын арада өзара тиімді келісімшарттармен бекітіледі деген үміттеміз»,- дейді Молдова Республикасы Өсімдіктану институтының директоры Василий Пожога.
Қазақстанның атынан көрмеге 30-дан астам кәсіпорын қатысты, олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақстан инжиниринг», «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг», «Қазақтелеком», «Қазфосфат», және т.б. ірі ұлттық компаниялар бар.
Қазақстан күнінің іскерлік бағдарламасы «Тәуелсіздік жылдары және ынтымақтастық» тақырыбына арналған конференциясымен басталып, онда Қазақстанның ТМД елдерімен арадағы ынтымақтастығы талқыланды. Қазақстанның Ұлттық күнін Елші Зауытбек Тұрысбеков алғысөзбен ашты.
Конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің экономикалық даму мәселелері сөз болды, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік және ТМД аясындағы мемлекетаралық және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын көтерудегі білім мен денсаулық сақтаудың рольдері талқыланды.