Бұл туралы ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жоба ТМД және Еуропа елдері жастарының көшбасшылық әлеуетін дамытуға, олардың басқару және билік органдарымен жұмыс істеу процедураларына атсалысу және сайлауға қатысу дағдыларын жетілдіруге, ТМД және Еуропа елдері жас көшбасшыларының ұлттық ерекшеліктерін сақтауға және олардың арасындағы мәдениетаралық коммуникацияны күшейтуге бағытталып отыр.
Жас көшбасшы мектебінің бағдарламасы студенттік жастар ұйымдарында жұмыс тәжірибелері бар, белсенді азаматтық ұстанымға ие және ұлттық саясатты қалыптастыру үшін кадрлық резерв құруға қабілетті 18 бен 24 жастың аралығындағы тыңдаушыларға арналған.
Жобаны ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының және Жастар істері жөніндегі федералдық агенттіктің қолдауымен Ресейдің Халықтар достығы университеті Еуропа Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.