Мәскеуде төлем терминалын ұрламаққа әрекеттенген баукеспе сол жерде ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайласымен бірге Мәскеудің оңтүстік-батысындағы дүкеннен төлем терминалын көтеріп әкетуге тырысқан тонаушы ұсталғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлады «Интерфаксқа» дүйсенбіде РФ ІІМ Мәскеу бойынша ММ баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 20:00 шамасында Дмитрий Ульянов көшесіндегі азық-түлік дүкеніне белгісіз екі адам кіріп келіп, төлем терминалын алып кетуге әрекеттенген. Олар терминалды сыртқа шығарып, көлік жүксалғышына тиемекші болып жатқанда, артынан дүкендегілер жүгіріп шыққан.

Бір баукеспені дүкен қызметкерлері қолға түсірсе, екіншісі бой тасалап үлгерді.

Оқиға орнына жеткен полицейлерге ұсталған адам өзін жайсыз сезінгенін айтқан, полицейлер жедел жәрдем шақырады. Жедел жәрдем көлігінде ер адам көз жұмды.

Өз кезегінде құқық қорғау органдарындағы дереккөз терминал ұрлаушының нашақор екенін хабарлаған.