Мәскеуде тым көбейіп кеткен қарғалармен «сұңқарлар жасағы» күреседі

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Мәскеу өкіметі қалада көбейіп кеткен қарғалармен күресу үшін құс салудың оқу-әдістемелік орталығын құрмақ.


Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне    Мәскеудің     қоршаған ортаны қорғау   департаментінен  хабарлады.

«Красногорский»     орман шаруашылығында биыл күзде  сұңқар салудың  оқу-әдістемелік  орталығын    құру  жоспарлануда.  Мамандардың    бақылауынша,      қарғалар   басқа құстардың     көбеюіне   кедергі келтіруде,  себебі  олар құстардың   ұяларын  аяусыз ойран етуде.   Қарғалардың   санын  азайту  үшін  «сұңқарлар  жасағын» құру  туралы  шешім  қабылданды, -  деп   хабарлады  орталықтың баспасөз қызметінен.