Мәскеуде ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ жоғары әкімшілік лауазымды тұлғалары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жоғары әкімшілік-лауазымды тұлғаларының кездесуі қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-әрекет мәселелеріне арналды.

ТАСС хабарлағандай, ТМД атқарушы комитеті баспасөз қызметінің басшысы Владимир Никаноров хабарлағандай, «қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-әрекет, көші-қон саясаты, ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және олардың өзара іс-әрекетіндегі қалыптасқан практикаға қатысты мәселелер талқыланды».

Кездесуге қатысушылар 2014-2015 жж. арналған бірлескен шаралар жоспарын іске асыру қорытындыларын шығарып, өз ұйымдары қызметтерінің басым бағыттары туралы ақпарат алмасып, халықаралық саясат төңірегіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісті.

Шараға ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Атқарушы комитет - ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев қатысты.