Бұл туралы кеше, ақпанның 4-інде Мәскеу мэрі Юрия Лужков Жеңістің 65 жылдығын тойлауға әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде мәлім етті.
Мәскеу мэрі атап көрсеткендей, Жеңіс күнін тойлау барысында Ресей елордасында көптеген ауқымды шаралар жоспарланып отыр. «Мәскеу аумағында өтетін алдағы мерекелік іс-шараларға 2,5 миллионнан астам адам атсалысады деп күтілуде»,- деп мәлім етті ол.
Әскери парад, қалыптасқан дәстүр бойынша, Қызыл алаңда мамырдың 9-ы күні өтеді.