Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

МӘСКЕУ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Елшісі мен РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Қазақстан  Елшісі Зауытбек Тұрысбековтың жұма күні  Мәскеуде    Статс-хатшы- РФ  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары Григорий Карасинді қабылдағанын  ҚазАқпарат   бұдан   бұрын хабарлаған   болатын.

 Келесі  жылы   Достастық   елдерінде Ұлы Отан  соғысы  ардагерлерінің  жылы     болып жарияланғаны    баршаға мәлім.    З.Тұрысбеков   Г.Карасинді  1941-1943    жылдары  неміс-фашист  басқыншыларынан  Ржев қаласын азат  ету ұрыстарында шайқасқан   100- және 101-ші атқыштар  бригадаларының    қазақстандық  жауынгерлеріне ескерткіш  орнату  туралы Ресейдің  Тверь  облысы Ржев  қаласының әкімшілігімен     қол жеткізілген  келісім     жайлы хабардар  етті.   Ескерткіш   қаладағы   мемориалдық  кешеннің аумағына    орнатылмақ.

 Тараптар  сондай-ақ,    нацистердің   қылмыстарын тікелей  немесе  жанама ақтап, Ұлы Жеңістің бағасын түсіруге    жол бермеу керектігін  айтты.