Алдын ала мәліметтер бойынша, «БМВ» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.
«Жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, көлік қоршауға соғылып бірден жана бастады. Алдында отырған жолаушы мен жүргізуші көліктен шығып үлгеді. Ал артқы жағында отырған үш жолаушы тірідей өртеніп кетті», - дейді қайғылы оқиғаның куәгері.
Үш адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты құқыққорғау органдары растады. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндірді. Қазіргі кезде оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші іздестірілуде.