Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Минеральные Воды қаласынан Мәскеуге ұшып келген ұшақты М. Патиев есімді азамат тарапынан басып алу әрекеті орын алған болатын. М.Патиев ашық қоқан-лоқы жасамағанымен, бірақ ол тәртіп сақшыларына асығыс әрекеттер жасамауды ескерткен.
Кенет жолаушылардың бірінің денсаулық жағдайы нашарлап, оған көмек көрсету үшін ұшақ бортына дәрігер киімімен көтерілген екі тәртіп сақшысы қаскөйді ұстап, адамдарды босатты. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру кезінде одан ешқандай қару табылмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.
Жолаушылар ұшағын басып алған әлгі азамат В.Путинмен кездесуді талап етіп, қолында РФ Премьеріне табыс ететін «Шешенстан Республикасы туралы маңызды құжаттар» бар екенін мәлім еткен. 105 адамды кепілдікке алған әлгі қаскөйдің кім екендігі анықталды. Ол 1970 жылы туған Магомед Патиев деген азамат болып шықты.
«Қазіргі кезде онда сонымен қатар ресейлік төлқұжаттың бары анықталды. Осыған сәйкес, бұл қайшылық шешілуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңында екі елдің азаматтығын алуға тыйым салынған», - деді ресми өкіл.