«Алдын ала мәлім болған деректер бойынша, ұшақ Мәскеуден Парижге бағыт алған. Апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Оның 4-уі ұшақ бортындағылар болса, біреуі көлік жүргізушісі», - деді Мәскеу Халықаралық көліктегі тергеу басқармасының өкілі Татьяна Морозова.
Әуежай әзірге ұшақтарды қабылдап, ұшырып жатқан жоқ. Бірақ, ұшатын жолаушыларды тіркеу және қол жүктерін тексеру жүргізіліп жатыр.