Мәскеуде заңсыз мигранттар жер астындағы режимдік нысанда тұрып келген

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде режимдік нысанның аумағында орналасқан бомба-панада өмір сүріп келген 100-ден астам заңсыз мигрант ұсталды.

Орталық Азия елдерінен келген мигранттар тұрып жатқан тұтас жерасты қаласы табылып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бомбадан паналауға арналған бұл орында адамдардың тұруына барлық жағдай жасалған болып шықты, атап айтқанда онда жуынатын орын, дәретхана, тіпті намазхана болған.

Бұл жерасты қалашығы, Можай тас жолына жақын маңда шетел азаматтарының шоғырланып тұрып жатқаны туралы ақпаратты тексеру кезінде анықталып отыр.