деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мәскеу қаласы бойынша Ішкі істер бас басқармасының ақпараттық және қоғамдық байланыс басқармасының кезекші офицері Аркадий Баширов хабарлағандай, жарылыс туралы дабыл мәскеу уақыты бойынша сағат 8:40-та түскен. Түрі мен қуаты әзірге анықталып жатқан жарылғыш құрылғы Чоботовский көшесіндегі «Радужный» бассейнінің сыртындағы ағаштардың арасына қойылған. Оқиға салдарынан сол маңда спортпен айналысып жүрген бір ер азамат зардап шекен. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде.