Мәскеуде жастар мен милиция арасында атыс болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің батысында милиционерлер мен бір топ жастар арасында атыс болды.

Бұл туралы РБК хабарлады.

Ресей астанасындағы құқық қорғау органындағы дерек көзі хабарлағандай, оқиға 19 желтоқсанда шамамен Мәскеу уақыты бойынша 23.00-де Говоров көшесінде бір топ күдікті азаматтан құжаттарды тексеру кезінде орын алды.

Милиционерлердің құжаттарын көрсету туралы заңды талаптарынан кейін, белгісіз азаматтар қалталарынан қаруларын алып шығып, милиционерлерге қарата оқ жаудырды. Оларға жауап ретінде атылған оқтан шабуылдаушылардың бірі қаза тапты. Сонымен қатар оқиға кезінде милиционердің бірі де жарақат алды.

Қазіргі уақытта милиционерлерге қарақшылық шабуыл жасағандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мәскеу қаласының ІІББ ресми түсіндірме әлі берген жоқ.