Мәскеуде Жеңіс Күні мерекесінде бұлттарды таратып жіберуге 64 млн. рубль жұмсамақшы

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеудің билік өкілдері Жеңіс күніне орай бұлттарды таратып жіберуге 64 млн. рубль қаражат жұмсайды, деп хабарлады Утро. ру.

«Қаланы табиғаттың сыртқы әсерінен қорғау жұмыстарына» мерекелік күндер  - 9 Мамыр, 12 маусым мен Қала күніне, 2 қыркүйекке 194 млн. рубль жұмсау қарастырылған.  Бұлттарды ыдырату үшін түйіршіктелген көмір қышқыл, сұйық азот пен М-500 цементі қолданылатын болады. Қажеттілік туындаған жағдайда, 9 мамыр күні Мәскеуде бұлларды айдау жұмысы таңғы 9.00-ден түнгі 24.00-ге дейін жалғасады.