Мәскеуде Жеңіс күніне арналған шеру өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына арналған салтанатты шеру өтті.

Әскери шеруді РФ-ның құрлықтағы әскерін басқарушы Олег Салюков басқарады. Парадты РФ-ның қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдады.

Мәскеудегі Жеңіс шеруіне шамамен 11 000 адам мен 151 әскери техника қатысуда. Қызыл алаңнан бірінші болып жаяу әскер жүріп өтті.

Механикаландырылған сапты «Тигр» брондалған автомобилі бастап, олардан кейін БТР, Т-90А зенитті-зымыран кешендерінің танкілері, іске қосылатын қондырғылар, бронетранспортерлер, зенитті-зеңбірек кешендер мен «Тополь-М» жылжымалы зымыран кешендері жүрді.

Сонымен бірге, елдің басты алаңының үстімен ӘӘК 69 ұшу аппараты, олардың қатарында тікұшақтар, ұшақтар, жол кесушілер, шабуылдаушы және бомбалаушы ұшақтар ұшып өтті.

Жеңіс күніне арналған шерулер РФ-ның 25 қаласында өтті. Дәстүрлі түрде РФ-ның барлық аймағында Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Концерттер, ардагерлермен кездесулер өтіп, соғыс туралы фильм көрсетіліп, басқа да еске алу шаралары ұйымдастырылды. Күн соңы мерекелік артиллериялық отшашумен аяқталады.