Олар: Мәскеуді қорғауға, Курск түбіндегі шайқасқа қатысқан астаналық Ахат Бекмәді. Оның I және II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Германиядағы жеңісі үшін» медалі бар.
Беларусь, Польша, Румыния, Венгрияны азат етуге қатысқан алматылық Дмитрий Малышев. I және II дәрежелі Отан соғысы орданедерімен, «Қызыл жұлдыз, «Польшаны қорғағаны үшін», «Германиядағы жеңісі үшін» медальдарымен марапатталды». Алматы облысынан Федор Федотов Калинин майданына, Беларусь, Украина майданына қатысқан. I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарымен мараптталған. Қарағандыдан Камали Дүйсембеков Укарин майданы 4-ші әскерінің 13-ші корпусының 24-ші гвардиялық дивизиясында айқасқан. I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, I және III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған, Октябрь революциясы орденінің кавалері, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет» орденінің иегері. Павлодардан Михаил Смоленков 1941 -1944 жылдар аралығында взвод командирінің көмекшісі, батальон командирінің орынбасары және т.б. лауазымдарда Карель майданында айқастарға қатысқан. 1945 жылғы тамыздан бастап, Алыс шығыс майданында батарея командирі қызметін атқарған. 4 Қызыл жұлдыз ордені, 1 дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапониядағы жеңісі үшін» медальдарымен марпатталған. Шымкенттен Қаратай Төлебеков. Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік қызмет үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.