Мәскеуде жерасты коллекторларына экскурсияға түскендер қаза болды
«Қазір заңсыз экскурсияға қатысқан 5 адамның қаза болғаны расталып отыр. «Зарядье» саябағына жақын маңда тағы бір адамның денесі табылды», - деп жазады агенттік дереккөзге сілтеме жасап. Бұған дейін 4 адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын.
Диггерлердің (жерасты паналары мен жер астындағы өзге де нысандарды зерттеушілер) жоғалғаны туралы 21 тамыз күні таңертең белгілі болды. Мәскеуде кенет нөсер жауын басталып, коллекторлар суға толған. Төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз экскурсияны ұйымдастырған тұлғадан тергеушілер жауап алып жатыр.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, іздестіру жалғасып жатқанын жеткізді.
Алдын ала болжам бойынша диггерлер тобының құрамында сегіз адамға дейін болған.