Бұл туралы РФ басшысы Дмитрий Медведев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысының ашылуында мәлім етті. Оның жұмысына Қазақстан мен Беларус Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко қатысуда.
«Біз келесі жылдың басында ұлтүстілік жаңа орган - Еуразиялық экономикалық комиссияны іске қосу және оны Бірыңғай экономикалық кеңістікті іске қосуға бағыттау жөнінде маңызды шешімдер жиынтығын қабылдауымыз қажет», - деді ол.
Ол өзінің әріптестеріне кеңейтілген құрамындағы отырысты қалай өткізу жөнінде пікір алсысуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылауды ұсынды. «Біз қазір одан жоғары көтерілдік. Бірақ біз бәрібір ЕурАзЭҚ-ты жоғалтпаймыз. Біз әріптестерімізбен байланысты жалғастыра беруге тиіспіз», - деді Д.Медведев.
Үш елдің көшбасшылары 2012 жылдың 1 қаңтарынан құрылатын Еуразиялық экономикалық комиссия қызметі ауқымындағы мәселелерді пысықтап, бірқатар практикалық шешімдер қабылдайтын болады. Сондай-ақ экономикалық сипаттағы қатерлерге бірлесе әрекет ету шараларын қабылдайды.