Келтірілген деректер бойынша «Мерседес S500» жанына келіп тоқтаған белгісіз ер адам Мәскеудің шығысында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанына көлігін тоқтатып жатқан жас жігітке жүргізуші орындығы жағындағы терезе тұсынан бес рет оқ жаудырған.
ІІМ ҚБ баспасөз қызметінен қақтығыс Первомайский көшесіндегі 112 үйдің маңында 3 ақпан күні сағат 20:35-те орын алғандығын хабарлайды. Жас жігітті оқтың астына алған қылмыскер артынша өз көлігіне мініп, оқиға орнынан тайып тұрған. Ал іші мен қолы жарақаттанған студент ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Алдын ала деректер бойынша студентті жол-көлік қақтығысына қатысты немесе бәсекелестері атқан деген болжамдар бар.