Мәскеуде жұмыссыздардың 700 мың долларын ұрлап кетті
15:44, 19 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеудің оңтүстік-шығысында бетперде киген қарақшылар екі жұмыссызға шабуыл жасап, ақша толы сөмкесін алып кеткен.
Төрт ұры олардың бетіне газ баллонын шашқан көрінеді.
Баукеспелердің алып кеткен ақшасының сомасы таң қалдырады: сөмкеде 700 мың доллар, яғни рубльге шаққанда 41 млн ақша болған, деп жазады Mash.
Келеңсіз жағдай Люблинск көшесінде 18 қазан күні кешкісін болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.