Көліктің жаңартылған түрін енгізу тәжірибесі биылдың өзінде басталмақ. Бұл туралы астана мэрінің көлік мәселелері жөніндегі орынбасары Николай Лямов мәлім етті.
Лямовтың айтуынша, мәскеуліктердің «электр көлігінің тағдырына алаңдауының жөні жоқ, бізде трамвай мен троллейбустар желісінің жоспары бар». Бүгінде Мәскеуде мыңға тарта трамвай бар, алайда жылжымалы құрам ескірген. Биыл трамвай рельсіне арналған жолдарды ұйымдастыру жоспарлануда.