Мәскеуде зират аумағында болған төбелеске 400 адам қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Хованский зиратында 400-дей адам қатысқан төбелес болды, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі.

«Бүгін Хованский зираты аумағында болған жанжалға 400-дей адам қатысқан. Алдын ала ақпаратқа сенсек, кикілжің зиратқа қызмет көрсету аумағына талас барысында орын алған. Қазіргі уақытта жанжал тоқтатылды», - деп мәлімдеді қаланың ІІМ ҚБ баспасөз қызметінің басшысы Софья Хотина.