Мәскеудегі барлық әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеудегі Внуково, Домодедово, Жуковский және Шереметьево әуежайларында ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі.

Фото: vnukovo.ru

Бұл туралы Ресейдің Федералдық әуе көлігі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, әуежайларда ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге уақытша шектеу енгізілген.

Росавиацияның мәліметінше, шектеулер әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген. Бұған дейін қауіпсіздікке байланысты Мәскеу әуежайларына бет алған 20-дан астам ұшақ басқа қалаларға бағыт алған еді.

Сонымен қатар қазан айының басында Внуково әуежайында ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге енгізілген уақытша шектеулерге байланысты Мәскеуге бағыт алған 14 рейс басқа әуежайларға бұрылды.

Ресей мен Қытай Марсты зерттеуге арналған бірлескен миссия аясында ғылыми аспаптар мен техниканы әзірлейтінін жазған едік.