Шенеуніктің айтуынша, тиісті федералдық заң қабылданған және осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап барлық мектептегі ата-аналар чаттары Max мессенджеріне ауыстырылады.
Бұрын шенеуніктер ресейлік білім беру жүйесі Max мессенджеріне мүмкіндігінше жылдам ауысатынын, бірақ бұл ауысуды күшпен жүзеге асыруға болмайтынын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, MAX – Ресейдегі VK компаниясының «Ростех» экожүйесіндегі компаниялардың қатысуымен және Ресей Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен әзірлеген ресейлік мессенджер.
Ресейде Max мессенджері міндетті болатынын жазған едік.