ДУШАНБЕ. KAZINFORM – 26 наурызда ресейлік тергеушілер Crocus City Hall ғимаратына жасалған шабуылға күдікті төрт адамның отбасы мүшелерінен жауап алу үшін Тәжікстанға барды. Бұл туралы Reuters агенттігі Тәжікстанның қауіпсіздік қызметіндегі үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Ашық түсініктеме беруге рұқсаты жоқ дереккөздердің айтуынша, Тәжікстан қауіпсіздік күштері отбасыларды Вахдат пен Хисар қалаларынан және Рудаки ауданынан ел астанасы Душанбеге әкелген.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Тәжікстандағы «Крокустағы» терактіге қатысты тергеу жұмыстарының барысы мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның «жеке бақылауында».
Ақпарат үшін, Тәжікстан президенті кеше, 25 наурызда «Крокустағы» шабуылды «қорқынышты оқиға» деп атап, ата-аналарды балаларының тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы