«Жексенбіде мәскеу уақытымен 22:35 шамасында Новосходненский жолында жүк көлігі мен алты машинаның соқтығысуы орын алды. Бір адам мерт болып, жеті адам жарақаттанды»,-делінген хабарламада.
Оқиға орнында Мемлекеттік жол қауіпсіздігі қозғалысы басқармасының қызметкерлері жұмыс жасауда. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары және оған қатысушылардың қандай дәрежеде айыпты екендігі тексеріліп жатыр.