Мәскеудегі атыс: Ресейдің арнайы қызметінің жауынгері көз жұмды

МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат – Мәскеуде болған атыс салдарынан Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ресейдің ФҚҚ тағы екі қызметкері ауыр жарақат алған. Оқ атқан адам және оның кім екені анықталған. Ол жалғыз болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.