Мәскеудегі Еуразиялық үкіметаралық кеңесте Кедендік кодекстің жобасы талқылануда

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуге жұмыс сапармен барған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін өтіп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысуда.

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения үкіметтерінің басшылары қатысып жатыр. 

Отырыс барысында ЕАЭО кеңістігінде дәрі-дәрмек айналысы саласын реттейтін құжатқа қол қою жоспарлануда. Аталған құжаттың қабылдануы дәрі-дәрмек нарығындағы жалпы айналымды тиімді ретке келтіріп, жұмыспен қамтуға, контрафактілік өніммен күресуге, дәрі-дәрмектердің сапасын арттыруға және олардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары отырысының негізгі күн тәртібі - Кедендік кодекс жобасын қабылдау мәселесін талқылау. Ол ұқсас халықаралық құжаттарды есепке ала отырып әзірленген.

Израиль мемлекеті ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.

Еске сала кетейік, биылғы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-қа төрағалық етуімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын нығайту жылы ретінде жариялаған. Келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға табысталады.