Сәрсенбі күні басталған бұл сайыста Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко «В» тобында бақ сынаған. Олар Чехия және Бразилия спортшыларын 2:1, ал ресейліктерді 2:0 есебімен ұтып өз тобының жеңімпазы атанды. Ал «С» тобында өнер көрсеткен Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова бразилиялықтарды 2:0 есебімен ұтқанымен, ресейліктерге 1:2, австралиялықтарға 0:2 есебімен есе жіберді. 25 тамыз күні аяқталатын бұл додада А. Сидоренко мен А. Дьяченконың жүлделі орындарға таласуға мүмкіндігі өте мол.
15:06, 24 Тамыз 2013
Мәскеудегі «Гранд Слэм» Әлемдік турының жарысында қазақстандықтар өз тобының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан «Гранд Слэм» Әлемдік турының Мәскеуде өтіп жатқан кезеңдік жарысын ұлттық құрама үздіктері негізгі кестеден бастаған болатын.