Мәскеудегі «Қазақстан» метро стансысын безендіру үшін ҚР тарапынан 7-8 млн. доллар бөлінетін болады

None
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Қазақстан тарапы Мәскеудегі «Қазақстан» метро стансысын безендіру үшін 7-8 млн. АҚШ долларын бөлуді көздеп отыр.

Осы және басқа де екі жақты ынтымақтастық мәселелері жұма, қыркүйектің 17-сі күні Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың кездесуі барысында талқыға түсті.

Дипломатиялық үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Люблинско-Дмитровский жолындағы «Борисово» атаулы ескі метро стансысына «Қазақстан» атауын беруді, ал салынып жатқан Алматы метросындағы бір стансыға «Мәскеу» атауын беруге қатысты барлық мәселені шешті.

«Қазіргі таңда Ресей және Қазақстан үкіметтері арасында сәйкес келісім жобасы, Мәскеу үкіметі мен Алматы әкімдігі арасындағы келісім жобасы дайындалып жатыр. Қазақстан тарапы аталмыш стансының безендірілуіне 7-8 млн. долардай қаражат салуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ю.Лужков Мәскеудегі Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектептерді қайта жаңғыртудан өткізгені үшін қазақстандық тарапқа алғысын жеткізді.