Мәскеудегі мешітте саңырауларға арналған курс ашылды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің Поклонная гора жазығындағы мемориалды мешітінде құлағы естімейтіндерге арнайы курстар ашылды.

Курс ұйымдастырушылары алдағы уақытта мешіттегі уағыз-насихаттар сурдоаудармамен қоса жүргізілуін қалайды, деп хабарлайды  muslim.kz.

Саңырауларға арналған курс ашу сурдоаудармашы Жәмилә Зенинаның идеясы еді.

«Таныстарымның көпшілігі құлағы естімейтін саңыраулар. Олар мені шіркеуде, синагогда, мешітте жүргізілетін уағыздарды аударуға шақырады», - дейді Жәмилә. Мұсылман болғандықтан Жәмилә өзінің қабілетін мешітте сарқығанын қалап, ислам курсын ашады. Бастапқыда діни білімінің жоқтығы мен арнайы орынның болмауы біршама қиындықтар туғызған.

2012 жылдың көктемінде Жәмилә Мәскеу Ислам университетін бітіріп, біраз уақыт саңырау және мылқаулар ұйымында волонтерлік қызметте келген Юлия Замалетдиновамен танысады. Екеуі Поклонная гора мешітінің жанындағы медресе директорымен курс ашу жайында келіседі.

Қазаннан бастап есту және сөйлеу кемістігі бар мұсылмандар ислам және араб тілін оқи бастады. Бұларға көп ұзамай саңыраулар отбасында дүниеге келген Айша Кәрімова қосылады. Айшаның құлағы естиді, тілі де бар, ым-ишарат тілін жақсы меңгерген.

Курс жексенбі күндері өтеді. Әзірге он шақты адам қатысып жүр.