Мәскеудегі мейрамханадан полицейлер жолбарыс етін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу полицейлері «Садовод» базарындағы мейрамханадан қиыр шығыста мекен ететін леопард пен амур жолбарысының терісін, басын, және етін тапты, деп хабарлады ІІМ Мәскеу қаласы бойынша мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметінен. Бұл туралы ВВС жазды.

Енді олар бұл қылмысы үшін РФ ҚК-нің Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін аңдарды ату, сату бойынша көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Табылған аңдардың еті «қара базарда» шамамен 100 мың рубль, жамбасы мен басы 250 мың, терісі 700 мың рубль тұрады. Аңдардың еті өте дәмді шығыс тағамын дайындауға, сонымен қатар аса шипалы дәрі жасауға қажет.