«Мәскеу орталығында қаласы басшылығыменкелісімделген митинг болып жатыр. Шеруге шамамамен 12 мың адам қатысуда.Полиция қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде», делінген агенттік хабарламасында.
Бұғандейін, митингті ұйымдастырушылар полицейлер шеруге келушілерге кедергі жасаудадеп хабарлаған болатын. Алайда қаланың ІІД шеруге қатысушыларға ешқандайшектеулер қойылып жатпағанын айтты.