Мәскеудегі өрт салдарынан Петербор түтінге оранды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Мәскеудегі орман өртінің түтіні өткен демалыс күндері Санкт-Петерборға жетті. Қаланың барлық аумағы мен бірқатар облыс аудандары түгелдей дерлік түтінмен тұмшаланып, түтін иісі сезіліп тұрды.

Айта кетейік, түтінге оранған Санкт-Петербор «Пулково» әуежайының жұмыс кестесін әлі өзгерте қойған жоқ.

Сонымен қатар, Санкт-Петерборда сенбі, тамыздың 7-сі күні жаздың ыстығы рекордтық көрсеткішке жетті. Қаладағы ауа райы 37,1 градусқа дейін көтерілді.