«Соғыстың, жеңістің не екенін жақсы білемін», - деді ол.
Ол соғыс тарихын, оның ішінде панфиловшылар ерлігін бұрмалау әрекетін айыптады.
«Тарихты бұрамалғандардың әрекетін түсінгім келмейді», - деп атап өтті Д. Михайлик.
Ардагер өзінің қазақтармен иық тіресіп айқасқанын, олар сарбаз ретінде өздерін лайықты көрсете білгеніне баса тоқталды.
«Ротада, батальонда барша Кеңес одағының әскерлері болды, қазақтар да бар. Олар өздерінің мықты екендіктерін лайықты көрсете білді. Қазақтармен бірге ел қорғауда бір болғаныма қуаныштымын. Бүгін де міне, парадқа Қазақстан Президенті қатысып отыр», - деген ойымен бөлісті ол.