Жаңа техникалардың ішінде «Бал» және «Бастион» жағалау зымырандары кешендері, «Коалиция-СВ» өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы, жаңартылған «Тайфун» автомобильдері болды.
Сондай-ақ Қызыл алаңға жаңа үлгідегі «Армата» танкісі, «Курганец-25» жаяу әскер машинасы және бронетранспортері, «Бумеранг» жаяу әскер машинасы шықты. Парадтың тарихи бөлігінде аты аңызға айналған Т-34 танкілері, СУ-100 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар көрсетілді. Салтанатты шерудің авациялық бөлігіне РФ әскери әуе күштерінің 143 ұшағы мен тікұшағы қатысты, оның ішінде «Су-27» және «Су-34» жойғыш ұшақтары, «МиГ-31» тосқауылшы ұшағы, «А-50» радиожергілікті барлау ұшағы, «Ан-124», «Руслан», «Ил-76» транспортниктері, «Ту-22М3», «Ту-95» стратегиялық бомбалаушы ұшақтары, «Ту-160», сондай-ақ «Ми-8», «Ми-26», «Ми-28» және «Ка-52» тікұшақтары болды.