Шатырдың есігі осы ай бойы осымен екінші жыл қатарынан келушілер үшін күні-түні ашық болмақ. Мұнда 18 мыңға дейін адамды қабылдау жоспарланып отыр. Олар үшін түрлі тағамдар әзірленіп, ресейлік республикалардың басшыларымен және ислам елдерінің елшілерімен кездесулер, Құран оқудан халықаралық жарыс тәрізді шаралар өткізу қарастырылып отыр.
«Ұлтына, дініне қарамастан, барлық келушілер шығыс тағамдарынан әзірленген мерекелік кешкі асқа шақырылып, Ресей халықтарының мәдениетімен таныса алады», деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Ресейдің мүфтилер кеңесінің баспасөз қызметінде әр кеш сайын Рамазан шатырында ерекше шаралар ұйымдастырылатынын, биыл Қырым Республикасының, үнділік мұсылмандардың және сыған мұсылмандары қауымының кештері өтетінін хабарлады. Сондай-ақ адамдарға деген сүйіспеншілік, кешірімділік, мейірбандылық, алғыс білдіру, төзімділік, жомарттық, адалдық және т.с.с. имандылық қасиеттердің әрқайсысы бір-бір кештің тақырыбына айналмақ.