Мәскеудегі сайлау учаскесіне сайлаушылардың 93,3 пайызы келді

МӘСКЕУ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей астанасы Мәскеудегі №143-ші сайлау учаскесіне ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың 93,3 пайызы өз таңдауларын жасаған.

Бұл туралы Ресей Федерациясындағы сайлау учаскесінің төрағасы Михаил Литвинов мәлім етті.

«Сайлау тізімі бойынша 2008 дауыс беруші тіркелген, сайлау учаскесі жабылар кездегі кешкі сағат 20.00-де алынған мәліметтер бойынша олардың 1874-і дауыс берді», - деп мәлім етті сайлау учаскесінің төрағасы.