Мәскеудегі шеруге қатысушылар елге оралды

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасының 70 сарбазы мен 5 офицері Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысып, Қызыл алаңда сап түзеп өткен болатын. Қазақстандық армияның әскерлері елге оралды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәскеу Кремлінің әскери комендатура өкілдері қазақстандық шерушілердің шеберлігін жоғары бағалап, үздіктердің санатына қосты

Жеңіс шеруіне қатысушылар РФ Қорғаныс министрінің атынан «Шеруге қатысқаны үшін» медалімен марапатталып, мерейтойлық төсбелгілер мен естелік сыйлықтар тарту етілді. Жеңіс шеруіне қатысушыларды марапаттау Мәскеудегі КСРО Қарулы Күштерінің мұражайында Жеңіс Туының қасында өтті.

Қазақстандық әскерилер шеруге дайындық жүргізуден басқа арнайы ұйымдастырылған мәдени бағдарлама аясында Кремльді, 300-ден астам экспонаттары бар бронетанкі және әскери техникалар мұражайын аралап, Волокалам тас жолында, Тағзым тауында болып, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.