Мәскеуді қорғауда қазақстандықтар асқан ерлік көрсетті

АЛМАТЫ. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеуді қорғауда ерен ерлік көрсеткен қазақстандықтарды еске алуға арналған мерекелік фестиваль өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Шараның мақсаты - Жеңісті ардақтап, қаза тапқандарды еске алу және көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету. Осыдан 68 жыл бұрын Кеңес армиясы Мәскеу түбінен фашистерді ысырып тастаған болатын. Бұл жағдай қазақстандықтар үшін өте маңызды, әйгілі қолбасшылар Иван Васильевич Панфилов пен Бауыржан Момышұлы шайқасқан  дивизия Алматыда жасақталған болатын. Қазіргі уақытта Алматыда Мәскеуді қорғауға қатысқан 50 ардагер тұрады, оның 6-уы Панфилов дивизиясының ардагері.

Фестиваль аясында «Салтанат», ҚР Қорғаныс министрлігінің ансамблі, Жаяу әскерлер институтының және «Іле сазы» балалар ансамбльдері өнер көрсетті.